È

Гай Ричидің «Аладдин» картинасындағы басты кейіпкер рөліне актер іздеу ұзаққа созылып кетті

Гай Ричидің «Аладдин» картинасындағы басты кейіпкер рөліне актер іздеу ұзаққа созылып кетті. Әлемдік кино

Гай Ричи Disney студиясымен бірігіп, «Аладдин» фильміндегі басты рөлге актер іздеуден біраз қиындықтарға тап болды.

Әлем бойынша өткізіліп отырған ашық кастинг мамыр айында басталған болатын, бірақ әзірге еш нәтиже жоқ.

Гай Ричи және Disney-дің кастинг директоры Рэнди Хиллер Аладдин мен Жасмин рөліне үміткер болған 2000-ға жуық қыз-жігіттерді көрген болатын. Алайда, көңілдерінен шығатын ешкім бола қоймады. 20 жастан асқан, ән айтып, шебер ойнай алатын шығыс бейнелі жас актерді табу қиын екен.

Негізінде, студия басты рөлде Дев Пательді немесе Риза Ахмедті көргісі келген еді, бірақ олардың жастары (27 мен 34 жас) режиссердің талғамына сай келмейді. Сондықтан, жас актер іздестірілуде. Жасмин рөліне ағылшындық Наоми Скотт пен үнді актрисасы Тара Сутариа үміткер болып отыр. Алайда, Жасминді таңдамас бұрын, Алладинді бекітіп алу қажет. Өйткені, жұптың экрандық байланысы болуы тиіс.

Disney үшін актерлерді ұзақ іздеу жаңалық емес. «Жұлдызды шайқастың» жетінші бөліміне де Дэйзи Ридлиді ұзақ іздеген, тіпті Лили Джеймс те Күлбике рөліне бірден бекітілген жоқ. Disney белгілі кейіпкерлерді сомдайтын актерларды асықпай, таңдап алады.

Жынның рөлін Уилл Смиттің сомдайтыны белгілі болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер