È

«Питке сенім артыңыздар»: жаңа трейлер

 «Питке сенім артыңыздар»: жаңа трейлер

«Питке сенім артыңыздар» таспасы биылғы жылы өткен Торонто мен Венециядағы халықаралық фестивальдерде өзі жайында керемет әсер қалдырған. Эндрю Хэйдің фильмі кең айналымға шықпай тұрып, A24 компаниясының атынан қолдау ретінде трейлерге ие болды. «Питке сенім артыңыздар» картинасының тамаша актерлік құрамында Хлоя Севиньи («Кешкі ас», «Махаббат пен достық»), Стив Бушеми («Құтырған иттер», «Үлкен Лебовски») және Чарли Пламмер («Кешкі ас») бар.

Драма Орегоннан шыққан үйсіз жасөспірім туралы баяндайды. Оның жақын досы – бәйгеде үнемі жеңіліп қала беретін аты. Екеуі Вайомингте 1,000 миль қашықтықта тұратын, тірі қалған жалғыз туысын іздеу мақсатымен саяхатқа аттанады.

Эндрю Хэй «45 жыл» және «Уик-энд» сынды таспаларды түсірген, сондықтан «Питке сенім артыңыздар» фильмінен де көп үміт күтуге болады.

«Питке сенім артыңыздар» фильмі кең айналымға 2018 жылдың 16 ақпанында шықпақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер