Гэри Олдманның қатысуымен «Күңгірт кезеңдер» фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді
Гэри Олдман адамзат тарихындағы ең беделді адамды - Уинстон Черчиллді таныстырды. Фильм қойылымымен Джо Райт айналысты. Сондай-ақ, фильмге Джон Хёрт, Лили Джеймс және Бен Менделсон қатысты.
Сюжеті Уинстон Черчиллдің Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне кірісу кезеңін баяндайды. Оның алдында қиын таңдау тұрды - ұлтшыл Германиямен келіссөздер жүргізіп, серіктестік орнату немесе өз елінің тұрғындарының бостандығы мен құқығын қорғау.
Нацистік көлік қатты жылдамдықпен Батыс Еуропаны шарлап өтеді. Оның Ұлыбританияға тигізетін әсері де баршылық. Премьер-министр елін төніп келе жатқан сұмдық қауіптен құтқаруы тиіс. Осының барлығына ол қарсы тұра ала ма? Өміріндегі әрі халық үшін ең маңызды шешімді дұрыс қабылдай ма?
Фильм тұсаукесері 2018 жылдың 25 қаңтарына жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін