È

«Қызметші»: ерлі-зайыптылардың ақырзаманнан кейінгі сапары

«Қызметші»: ерлі-зайыптылардың ақырзаманнан кейінгі сапары

Orion Pictures студиясы тұсаукесердің алдында режиссер әрі сценарист Майк П. Нельсонның («Жазғы мектеп») «Қызметші» хоррорының трейлерін ұсынды. Бұл таспа ерлі-зайыптылар Марк (Тайлер Хэклин, «Әркімдікі өзіне») пен Нины (Кейт Босворт, «Сомния») Уэсттің ақырзаманнан кейінгі сапарын көрсетеді, олар қорқынышты әрі жүректі мұздататын көптеген жағдайларға тап болады. Нельсон күш пен махаббат беріктігі жайлы хикаясы арқылы өз аудиториясын бір сілкіп алмақ.

Нельсонның пікірінше, «Қызметші» үшін Хэклин мен Босворттың маңызы зор: «Олар - ақырзаман орнаған кезде ажырасуға дейін барған жұп. Олар аман қалу үшін әлі де бұрынғыдай бірге жүр, бірақ Марк Нинаны сүйетінін дәлелдегісі келеді. Екеуі мемлекеттің қарама-қарсы жағында, соңында тұратын Нинаның ата-анасының үйіне баруға тырысады». Бұл ақырзаманнан кейінгі елді қалу қауіпті. Тірі қалғандар тайпаларға бөліне бастаған.

Режиссер ашық пікір білдірді: «Мен ескі атыс-шабыс фильмдері секілді өрбитін картина түсіргім келді. Экранда көрсетілетіннің барлығы шынайы. Әдеттегі жазғы атыс-шабыс фильмдерінің компьютерлік өңдеуіне қарағанда, мен үшін камерада өтіп жатқан әрекеттің түсірілімі маңызды. Сонымен қатар, менің фильмім – ауыспалы кезеңдерде шынайы болып келетін дүниелер үшін күрес пен махаббат жайлы фильм. Мен осы фильм арқылы көптеген жағдайлар қаншалықты нашар болса да, барлығын махаббаттың ғана жеңе алатынын көрсеткім келді».

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер