È

Майк Флэнеган Стивен Кингтің «Дәрігер Сон» романының экрандауымен айналысады

Майк Флэнеган Стивен Кингтің «Дәрігер Сон» романының экрандауымен айналысады

Режиссер Майк Флэнеган Стивен Кинг әлеміне қайта оралмақ. 2013 жылы Warner Bros. Флэнеганды 1977 жылғы «Сәуле» фильмінің жалғасы болып табылатын Кингтің «Дәрігер Сон» романының экрандауына арнайы шақырды. Кейіпкер Дэниэл Торренс 40 жаста, ол алкогольмен және бала кезінде алған психологиялық күйзелісімен күреседі. Торренс өзінің тылсым қабілеттерін балаларды өлтірумен айналысатын қанішерден жас қызды құтқару үшін қолдануы керек.

Флэнеган Netflix үшін халық жақсы қабылдаған Кингтың «Джералд ойыны» фильмін түсірген, оның тұсаукесері былтырғы жылдың күзінде өткен.

Ол режиссер ретінде «Окулус», «Сомния», «Уиджи. Шайтанның қарғыс тақтасы» сияқты терең мағыналы фильмдерімен жоғары беделге ие. Warner Bros. үшін «Дәрігер Сон» өткен жылғы үлкен табыс әкелген «Ол» фильмінен кейінгі Стивен Кингпен жүргізілген ауқымды жұмыс болмақ. 35 миллион доллармен түсірілген таспа әлем бойынша 700 миллион доллардан аса қаржы жинады.

«Дәрігер Сон» көрсетілімі 2019 жылдың 6 қыркүйегіне белгіленген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер