È

«Байқау сынағы»: Тодд Хейнс драма режиссері болып тағайындалды

«Байқау сынағы»: Тодд Хейнс драма режиссері болып тағайындалды

 

Мансабындағы көп уақытын өз жобаларын жүзеге асыруға жұмсаған жан Тодд Хейнс («Ғажайыпқа толы әлем», «Кэрол») Participant Media студиясымен «Байқау сынағы» драмасының режиссері болып тағайындалды. Таспа сюжеті New York Times Magazine-дегі мақалаға негізделген және DuPont химиялық компаниясына қарсы күрес жүргізетін адвокат жайлы баяндайды. Мэттью Карнахан («Жалғандықтың мекені» және «Сары басылым» хикаялары) қазіргі таңда сценарийдің алғашқы нұсқасымен жұмыс істеуде. DuPont жайлы хикая Хейнстің «Жұмақтан алыста», «Кэрол» таспалары және Боб Дилан жайлы «Мен ол жақта жоқпын» драмасы сынды алдыңғы жұмыстарына ұқсауы мүмкін.

Болжамға сәйкес, Марк Руффало («Кек алушылар: Мәңгілік соғыс», «Басты назарда») «Байқау сынағының» продюсерлерінің бірі болады және басты рөл, адвокат Роберт Билотты сомдайды. Заң қызметкерінің бұл хикаясы химиялық ластануға қарсы жүргізілген ұзақ шайқастың мысалы болмақ. Журналист Натаниэль Рич «DuPont-тың қорқынышты түсіне айналған адвокат» атты мақаласын жариялады, ол жақта DuPont-та сегіз жыл жұмыс істеген адвокаттың ақыры өндірістің алыпқа қарсы экологиялық шағым түсіргені жайлы баяндалады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер