«Бөтен» түпнұсқасының жалғасы болмайды
Режиссер Нил Бломкамп «The Verge» сайтына берген сұхбатында, Ридли Скотт айтқандай, «Бөтен 5» жобасының жүзеге аспайтынын мәлімдеді. Бломкамп аталмыш картинаның жарыққа шықпау себебін айтып берді. Режиссердің айтуынша, жоба шынымен де студия саясатының салдарынан жабылған. Бломкамптың осы жағдай үшін көңілі қатты түсіп кетті. Өйткені, ол картинамен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген еді.
Нил Бломкамп үшін Ридли Скотт бала кезінен бері пір тұтатын адамы болған. Өйткені, Скотт өз фильмдері арқылы Бломкамптың қызметіне және киноөндірістегі арнайы бір бағытқа әсер еткен-ді.
Режиссер қазіргі таңда Oats Studios-пен бірге бірнеше тәжірибелік қысқаметражды жобалармен жұмыс істеуде. Бұл жобалар жақсы шықса, толықметражды таспаға айналуы мүмкін.
Ридли Скоттың «Бөтен: Өсиет» фильмінің тұсаукесері мамыр айында болған.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін