È

«Монах әйелдің қарғысы»: кешірім тілеңіздер

«Монах әйелдің қарғысы»: кешірім тілеңіздер

Warner Bros. студиясы режиссер Корин Хардидің («Түнектен») «Монах әйелдің қарғысы» детективті хоррорына арналған алғашқы трейлерді жарыққа шығарды. Жаңа таспа «Қарғыстың» спин-оффы болып табылады және жақсы қойылған байбаламды сипаттайды. Таисса Фармиги («Соңғы қыздар», «Экстрасенс 2: Сана лабиринттері») сомдайтын монах әйел Ирэн шалғайдағы әйелдер монастырында үрейін барынша көрсетеді. Роликтің өзі кадр сыртындағы әйел дауысымен басталады, яғни монах әйелдің көргенін бейнелеп, соңында былай дейді: «Бұл аббаттықтың хикаясы ұзақ, ол жақсы аяқталмауы мүмкін».

«Монах әйелдің қарғысы» картинасының ресми синопсисі Румынияда шалғайдағы аббаттықта жас монах әйел өз-өзіне қол жұмсаған соң, Ватикан арнайы тергеуге дін қызметшісін жіберетіні жайлы оқиғаны баяндайды. Ол өмірі мен сенімін тәуекелге буа отырып, бар құпияны ашуы тиіс. Зұлымдыққа қарсы тұру мұның алдында көрерменді «Қарғыс 2» картинасында шошытқан сол әзәзіл монах әйелге қарсы тұрумен аяқталады. Аббаттық қазіргі және қарғыс атқан өткен өмірдің нағыз шайқасына айналады.

«Монах әйелдің қарғысы» детективті хорроры 2018 жылдың 20 қыркүйегінде айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист