«Чёрное зеркало» фантастикалық сериалының 3 маусымының промо-ролигі
YouTube арнасында «Чёрное зеркало» британдық сериалының 3-інші маусымының промо-ролигі жарияланды. Сюжеттері бір-бірімен байланыспайтын он екі оқиғаның жалпы тақырыбы жаңа технологиялар мен адами қарым-қатынас туралы. Алғашқы сериясының тұсаукесерлік көрсетілімі Netflix онлайн-арнасында 21 қазанда көрсетіледі. Бірден алты сериясы онлайн-режимде шығады. Келесі алты сериясы кейінірек көрсетіледі, нақты қашан екені нақты белгісіз.
О баста сериал Channel 4 британдық арнасына тиесілі болды, бірақ екі маусым жарыққа шыққан соң Netflix телеарнасы (бәсекелестер арасында SyFy және HBO болды) аукционда сериалды көрсету құқығына ие болды.
үшінші маусымды да алдыңғы екі маусымды жасаған адамдар - Чарли Брукер және Аннабель Джонс түсіреді, бірақ сериалдың сценарииді тек Чарли Брукер ғана емес басқа да жазатыны шешілді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін