Райан Джонсон «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильмінің түсірілімінде қуанып жүр
«Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильміне арналған жарнама жалғасуда. Желіде фильм режиссері Райан Джонсонның түсірілім барысы туралы баяндап жатқан бейнежазбасы пайда болды.
Ол қалжың ретінде шабуылдаушының бас киімін киіп алып, актерларды жігерлендіріп, үнемі күліп жүреді.
Алайда, режиссердің айтуынша, түсірілім алаңындағы көңілді жағдайға қарамастан, фильм кейіпкерлеріне оңай болып жатқан жоқ. Джонсонның айтуы бойынша, кейіпкерлер қиындықтарды жалғыз еңсерулері қажет және әрқайсысы шешімді өздері ғана қабылдайтын болады.
«Жұлдыздар соғысы: соңғы джедайлар» үлкен экранға 14 желтоқсанда жол тартады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін