Плагиат үшін өтемақы
Париждің апелляциялық соты Люк Бессонға 1981 шыққан Джон Карпентер мен StudioCanal студиясының «Побег из Нью-Йорка» фильмінің плагиаты үшін жарты миллион өтемақы төлеуге қаулы шығарды.
Бұған дейін сот Люк Бессонға режиссер мен сценарист Джон Карпентерге, Никл Кастлға, StudioCanal компаниясына 95 000 доллар (85 000 евро) төлеуге қаулы шығарған болатын. кейін Бессон қайта апелляцияға берді.
Біраз уақыт бұрын Джон Карпентер «Побег из Нью-Йорка» фильміне плагиаттық жасалғаны туралы сотқат шағымданған болатын. Карпентер картинасының сюжеті бойынша басты кейіпкерге егер АҚШ президентін қатаң режимдегі түрмеден босата алса, өзіне бостандық берілетіні туралы шарт қойылады. Люк Бессонның «Напролом» фильмінде басты рөлде ойнаған Гай Пирс кейіпкер АҚШ президентінің қатаң режимдегі түрмесіне қамалған қызын босатуы тиіс. О баста Карпентер плагиат үшін өтемақы ретінде екі миллион евро талап еткен болатын.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін