È

Рассел Кроу «Гладиатордағы» күйме арбасын және басқа да естелік заттарын аукционға қойды

Рассел Кроу «Гладиатордағы» күйме арбасын және басқа да естелік заттарын аукционға қойды

Рассел Кроу аукциондағы сатылымға 200-ден аса заттарын қойды. Бұл оның жылдар бойы түскен фильмдеріндегі естелік заттары. Актер бұрынғы әйелі Даниэль Спенсермен ажырасу ісін аяқтайды. «Ажырасу өнері» аукционы Австралияда 4-7 сәуір аралығындағы лоттар көрмесінен кейін 7 - сәуірде өтеді.

Акционға мына фильмдерден заттар қойылды: «Гладиатор», «Шеттетілген», «Нокдаун», «Лос-Анджелестің құпиялары», «Өз адамы» және «Теңіздің қожасы: Жердің шетінде». Кроу толығымен іске жарамды римдік арба күймесін, «Гладиатордағы» ағаш қылышын және 1890 жылдардағы «Теңіз қожасы» фильміндегі қолданылған скрипкасын сатады. Sotheby’s аукцион үйінің болжамына сәйкес, лоттардың бастапқы бағасы 3 миллион долларды құрайды.

Лоттарға берілген түсініктеме төмендегідей: «Бұл лоттардың сатылымы – Рассел Кроудың ұзақ жылдар бойы жинаған, соның ішінде бұрынғы әйелі Даниэль Сперсермен бірге тұрған кездегі жинаған жеке заттарымен қоштасуы». «Шын мәнісінде, бұл заттар үш бөлмені алып тұр және олар әртүрлі бұйымдар, осыдан кейін тазалап, құжаттарын алып, сақтандырып отырмаймын», - дейді Кроу.

Актер австралиялық Daily Telegraph баспасына берген сұқбатында өзі жайлы және Даниэль Спенсермен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып берді: «Біздің бөлек тұрып жатқанымызға бес жылдан асты. Аукцион кезінде ажырасуымызға нүкте қойылуы тиіс. Біз балаларымыздың тәрбиесімен бірге айналысамыз және бұл біз үшін оңай, өзара тез келісіп, ортақ тіл табыса аламыз. Ол да осылай сезінеді деп ойлаймын. Мен ең алдымен болашағыма жол ашуға көмектеседі деген оймен осы заттарды сатқым келеді».

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер