Роланд Эммерих және Дин Девлин таяуда «День независимости» фильмінің жалғасын аяқтады. Енді олар өздерінің «Звездные врата» атты жаңа жобасын түсірмек. Сондай-ақ олар фильмнің жай ғана жалғасын емес, жай ғана кеңейтілнен нұсқасын емес, оқиғаны басынан бастап жаңаша етіп баяндамақ. Дин Девлиннің айтуынша заманауи технология мен студияның мүмкіндіктері франшизмді бірнеше сериямен шектеп қана қоймай, кез келген жаққа кеңейе алатын киноәлем жасауға мүмкіндік береді. Жобаға MGM және Warner Bros демеушілік етеді. Сценарий жұмыстарымен Николас Райт және Джеймс А.Вудс айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, Роланд Эммерихтің «Звездные врата» ғылыми-фантастикалық кинолентасы 1994 жылы шыққан болатын.