È

Өрмекші-адамның спин-оффы түсірілетін болды

Өрмекші-адамның спин-оффы түсірілетін болды. Әлемдік кино

«Өрмекші-адам. Үйге оралу» («Человек-паук: Возвращение домой») фильмі үлкен экранға әлі шығып үлгерген жоқ. Бірақ, авторлар Өрмекші-адамның спин-оффын түсіруді жоспарлап қойыпты. Ол жерде екі суперкейіпкер – Күміс Бұлғын мен Қара Мысық туралы сөз болмақ. Картина қойылымымен Джина Принс-Байтвуд айналысады, ол «Сахна сыртында» («За кулисами») мюзиклы мен «Аралардың жұмбақ өмірі» («Тайная жизнь пчел») драмасы арқылы танымал болған.

Оның үстіне, Джинаға фильм сценарийін жазу жүктелді.

Сюжет әзірге белгісіз. Фильм тек Өрмекші-адам туралы киножобаның сюжеттік желісімен байланыспайтыны анық.

Қара Мысық алғаш рет «The Amazing Spider-Man» атты 70-жылдардағы комикстер топтамасында пайда болған. Суперкейіпкердің есімі - Фелиция Харди. Ол әкесінен ұрлық жасауды үйренеді де, қылмыстық әлемде танымал болады.

Алайда, Харди Өрмекші-адамды жолықтырған соң мүлдем өзгеріп кетеді. Өйткені, ол жігітке ғашық болып, қылмыстық әлеммен біржола қоштасады.

Күміс Бұлғын немесе Сильвер Саблинова комикстерде 80-жылдардың басында пайда болған. Ол тәжірибелі күрескер әрі мерген, жалшы және «Silver Sable International» компаниясының басшысы болды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:42

Думаю, что какой не был паук. Много пауков вида. Лучше новы паук. Чем старые смотреть.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер