«Акваменнің» режиссері түсірілімнің аяқталғанын хабарлады
Бірнеше күн бұрын, дәлірек айтқанда 27 қазан күні «Аквамен» фильмінің түсірілімі ресми түрде аяқталған болатын. Түсірілім 122 күнге созылған.
Фильм режиссері Джеймс Ванның өзі Facebook парақшасы арқылы түсірілім барысы туралы айтып берген.
Оның айтуынша, «Аквамен» блокбастері мансабындағы ең қиын жоба болған екен. Себебі, картинадағы бар оқиға су астында өтеді ғой, бұл барлық түсірілім тобынан үлкен жұмысты талап ететіні анық.
Сол үшін актерларды үнемі арнайы эффектілердің аясында іліп қойған, кейіннен мамандар оларға жүзіп жүрген шаш пен антураж жасаған.
Режиссердің екі актерды лас дәретханада түсіргені үшін шағым айтқанына қарамастан, сол жұмыстың ерекше ұнағанын және барлық түсірілім тобына алғыс білдіретінін жеткізген.
Әрі қарай тағы бір қиын жұмыс – постпродакшн кезеңі күтіп тұр.
Басты рөлдегі Джейсон Момоаның қатысуындағы «Аквамен» фильмі үлкен экранға 2018 жылдың 20 желтоқсанында шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін