«Дэдпулдың» режиссері Тим Миллер Китти Прайд хикаясын дайындамақ
«Дэдпулдың» режиссері Тим Миллер Икс адамдары тобындағы ең жас қатысушы Китти Прайд хикаясын дайындамақ. Негізі, Миллер осы жобаны жақсы жасай алады. Ол болашақта фильм өндірісін басқаруы да мүмкін.
Қазіргі таңда, жауабын табу қиынға соғатын көптеген сұрақтар бар. Миллер фильмді өзі түсіре ме әлде картинаның продюсері бола ма? 2006 жылғы «Икс адамдары: Болашақтағы күндер» фильміндегідей Китти Прайд рөлін қайтадан Эллен Пейдж сомдай ма? Экраннан франшизадағы немесе комикстегі басқа да кейіпкерлерді көре аламыз ба? Ол нақты қай хикаяларға қатысады? Оның комикстегі жақын досы болған және «Жаңа мутанттарда» (Ани Тейлор-Джой рөлінде) төбе көрсететін Мэйджикпен сюжет байланыса ма?
Прайд жабық есіктер мен қабырғалардан өте алатын қасиетке ие. Сонымен қатар, ол электрлі жиектерді бұзып, басқалар оны сезінбейтіндей жасай алады. Бұлар топқа өте пайдалы қасиеттер. Миллер режиссер ретінде Эллен Пейдж кейіпкерінің бағаланбағанын жақсы түсінеді, сондықтан «Икс адамдары» франшизасының спин-оффын өндіруге бар күшін жұмсауда.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін