È

«Пришельцы в ауле» фильмінің режиссеры Стивен Спилбергтің шеберлік сыныбына шақырылды

 «Пришельцы в ауле» фильмінің режиссеры Стивен Спилбергтің шеберлік сыныбына шақырылды

Жақында ғана шыққан «Пришельцы в ауле» фильмінің режиссеры Бекзат Әлімбаев Стивен Спилбергтің шеберлік сыныбына қатысады. («Ковбои против пришельцев»). Оскар иеленген режиссер пөзінің курсына шақырды. Шақырту қалай келді, олар қашан кездеседі, бұл туралы Бекзат Әлімбаев әңгімелеп берді:

«Пришельцы в ауле» фильмінің түсірілімі аяқталған соң достарым менің спецэффектілерді жақсы көретінімді біліп, Стивен Спилбергке хат жазуға кеңес берді. қайдан екенін білмеймін, олар Спилбергітің жеке электрондық поштасының мекен-жайын тауып алыпты. Көп ойланбастан, мен хат жаздым, онда мен өзімнің өзгеғаламшарлықтар туралы алғашқы фильмімді түсіргенімді, оның жұмыстарына тәнті екенімді айттым. Араға біраз уақыт салып, жауап келді, онда ол мені өзінің курсына шақырыпты».

Жас режиссердың ойынша, Стивен Спилбергтің де фильмдерінің бірі «Небесные огни» (1963) өзге ғаламшарлықтарға арналған, сондықтан ол жас режиссерға назар аударған.

«Мен оған барамын деп үміттенемін, өйткені мұндай мүмкіндік екінің біріне бұйыра бермейді ғой. Бұл сапарымда мен үлкен тәжірибе мен блімді жинақтаймын деп үміттенемін», - дейді Бекзат.

Курс келесі жылдың наурыз айында басталады. Жас режиссер екі апталық курсты тегін оқиды.

естеріңізге сала кетейік, «Пришельцы в ауле» фантастикалық комедиясы отандық прокатқа 15 желтоқсанда шықты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер