«Ужастики» және «Монстры против пришельцев» фильмдері арқылы танымал Роб Леттерман Покемондар туралы «Детектив Пикачу» фильмінің қойлымымен айналыспақ.
Legendary Entertainment және Pokemon CompanyСценарий компаниялары бірігіп шығаратын болашақ фильмнің сценарийін Николь Перлман мен Алекс Хирш жазды. Олардың біріншісі Marvel кимикстері бойынша түсірілген «Стражи Галактики», екіншісі - «Гравити Фолз» фильмдері арқылы белгілі. «Детектива Пикачу» сюжеті қандай болмақ, бұл жағы әлі белгісіз, бір белгілісі бұл осы керия бойынша түсірілетін алғашқы картина.
БАҚ өкілдері Леттерман жаңа жобаның режиссерлығына лайық деп жүр, өйткені ол көркем жіне анимациялық фильмдер түсіруде тәжірибесі бар. Түсірілім келесі жылы басталады.