Ақырзаман туралы фильмдердің негізін қалаған тұлға өмірден озды
Джордж А. Ромеро «Тірі өліктер түні», «Өліктер таңы» және «Өліктер күні» секілді 70-жылдардағы танымал фильмдерді түсірген.
Ол кеше 78 жасында дүниеден озды. Өмірден кетуінің себебі – өкпе рагы. Әйгілі режиссер Джон Фордтың «Тыныш адам» мелодрамасының сүйікті музыкасы ойналып тұрғанда қайтыс болды.
Ромеро ақырзаманнан кейінгі хоррор жанрының негізін қалаған алғашқы адам болып табылады. Оның 1968 жылы шыққан «Тірі өліктер түні» фильмі зомбилер туралы картиналардың бастамасы еді. Фильм 114 мың долларға түсіріліген.
Ал ең көп шығын кеткен фильмі «Өліктер жері» туындысы болды. Оның бюджеті 15 миллион долларды құрады. Режиссердің өзі бұл бюджетті артық деп санайды, өйткені оның көп бөлігі актерларға берілген. Олар керемет ойнады, дегенмен режиссер мұндай қомақты қаражатты тек актерларға ғана жұмсауды жөн санамайды.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 12:55Мертвецы, и ходячие и не ходячие. Мне не когда не нравились. Да и сезон последний был низким смыслом. Так, думаю и его с этой связанна.