Дженнифер Лоуренс пен Даррен Аронофски арасындағы роман
Биылғы жылдың көктемінде 26 жастағы актриса Дженнифер Лоуренс пен 47 жастағы Даррен Аронофски арсындағы роман туралы ақпарат тараған болатын. Олар осы жазда бір жобаға бірге түсті. Даррен - режиссер, ал Дженнифер - бас актриса. Осы кезде олардың арасында жақындық пайда болған тәрізді, алайда әлі күнге дейін олардың кездесетіні, бірақ мұны жасыратыны немесе жай ғана дос екендері белгісіз. Олардң екеуі де, әрине, ешқандай ақпарат бермеді. Джен жаңа фильмде жұмыс істей бастағанда Аронофскимен кеңесіп отырған, режиссер оған әрдайым көмектесіп тұрды.
Шындығында режиссер қызметтестер хикаясымен үнемі көзге ілінеді. Ол «Черный лебедь» фильмінің түсірілімі кезінде Натали Портманмен махаббат құрған болатын, бірақ бұо бұрынырақта болған оқиға. Дженнифер Лоуренс пен режиссер арасындағы жас айырмашылығы 21 жас. Дженнифер Дарреннің қызындай, бірақ бұл ешкімді алаңдатпайтын секілді. Лоуренс үнемі өзінене үлкен жұп таңдайды. Мысалы, былтырғы жылы оның таңдауы Гвинет Пэлтроудың бұрынғы күйеуі 38 жастағы Крис Мартинге түскен болатын.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін