Папарацци бұл жұпты үш жыл бұрын байқаған, бірақ олар журналситердің сұрағына жай ғана әзілмен жауап берген. Бірақ БАҚ өкілдері жұлдыздардың талай рет қол ұстасып жүргенін көрді, ал қай уақыттан бастап оолардың саусақтарында жүзік пайда болды. Жақында журналистерде олардың арасындағы жақындық туралы дәлел пайда болды. Актриса әрі Джейми Фокстың жақын досы Клаудия Джордан Enews-ке берген сұқбатында Джейми мен Кэти Холмстың бақыты үшін қатты қуанышты екенін жеткізген. Клаудия Джордан - бұл жұптың бір ғана жақын досы емес, бұл ақпаратты растайтын бірнеше достары бар. Бұған дейін де олардың достары Кэти Холмс пен Джейми Фокстың үш жылдан бері бірге екенін, Джейми өзінің 48-інші туған күнін Кэтимен бірге өткізгенін айтқан болатын. Ал жұлдызды жұптың өздері бұл ақпаратты растамайды, олар өздерінің жай ғана жақсы дос екендерін айтады.