Майкл Хатченс - 1977 жылы құрылып, сексенінші, тоқсаныншы жылдары танымал болған INXS тобының солисті, Топтың өнерде үлкен табысқа жеткеніне қарамастан Хатченс 1997жылы отыз жеті жасында өзіне өзі қол салады. Оның өлі денесі Сидней қонақ үйлерінің бірінен табылды.
Әнші қайтыс болған соң араға он тоғыз жыл салып оның жақын досы Ричард Лоуенстайн INXS құқығын иеленуші Universal Music Group студиясының қолдауымен Майкл Хатченстің өмірі мен өлімі туралы деректі фильм түсіріп, көрерменге шындығында бәрі қалай болғанын баяндамақ. Лоуенстайнның айтуынша, енді ғана деректі фильм түсіру мүмкіндігі туған. Көрсетілім мен сатудан түскен қаржы Хатченстің мұрагері, қызы Тайгер Лилиге беріледі.