È

Сан-Себастьян-2018: «Саған кім ән айтады» драмасы негізгі байқауда көрсетілді

Сан-Себастьян-2018: «Саған кім ән айтады» драмасы негізгі байқауда көрсетілді

Сан-Себастьяндағы халықаралық фестивальдің негізгі байқауында испандық режиссер Карлос Вермуттың «Саған кім ән айтады» драмасы көрсетілді. Кинематограф өлшемі бойынша қысқа ғана уақытта, төрт жылдың ішінде Мадридтен шыққан белгісіз режиссер испан киносындағы білгілі есімдердің біріне айналды. Вермут толықтай өзі түсірген «Алмас жарқыл» атты бірінші таспасында батылдық көрсетіп, тәуелсіз киноның салмақты режиссері ретінде танылды.

2014 жылы Сан-Себастьяндағы фестивальде Карлос Вермут «Кішкентай сиқыршы» драмалық триллерін таныстырған соң бас триумфатор атанып, бірден екі бас жүлдеге – үздік фильм үшін «Алтын қабыршақ» және үздік режиссура үшін «Күміс қабыршақ» жүлделеріне ие болды. Ол халықтың назарын ерекше әлемімен аудара білді, оның картинасынан күрделі психологияға ие және қиялымен таң қалдыратын күрделі әрекетті адамдарды көреміз.

«Кім саған ән айтады» Вермуттың алдыңғы жұмыстарының табысын қайталай алады, өйткені бұл кино әдеттегідей аудиторияны назардан тыс қалдырмақ емес. Режиссер жапон мәдениетіне тамсанады, караокені әр адамның бірнеше минутта үйде немесе арнайы барда өзін сахнаның жұлдызы сезіне алатын мекен ретінде көреді. Вермуттың жаңа гипнозды картинасындағы басты кейіпкер Виолета (Эва Льорач, «Ескерту», «Уақыт министерлігі» хикаясы) жабырқаңқы, сұр және ауыр жағдайда өмір сүреді. Тек ресми түрде сүйікті әншісі Лиланың (Найва Нимри, «Бір жердегі 10.000 түн», «Жаз шарабы») егізіне айналғанда, соның терісіне енгенде, оның өмірінде жарқын дақ пайда болады.

Льорач пен Нимридің сенсациялық дуэтін испан киносының ардагері, Бланка рөліндегі Кармен Элиас («Аспан деңгейінен үш метр: Мен сені қалаймын», «Камино») және экранды кейіпкерінің есімі Марта болып келетін жас әрі өте танымал Наталия де Молина («Инсомния», «Махаббат пен жыныстық қатынас құпиялары») қолдайды. Әр түрлі жастағы бұл төрт әйел Карлос Вермут жетекшілігімен өз әлемдерін жасайды, әрқайсысы басқаларының жүрек жарасын қозғап, өздерінің жайын ғана ойлайды.

«Кім саған ән айтады» фильміндегі трагедияның ауаны картина кейіпкерлерінің үнемі визуалды жылтырақ және глянцті образдарын көрсетеді, олар ортасында өздерін ыңғайсыз әрі салқын сезініп, соңына таман жарқырап шыға келеді. Аудиторияны акценттердің математикалық дәл орналасуы таң қалдыруы мүмкін, көрсетілімнен кейін барлық сюжет желісінің өз орындарында тұрғаны білінеді. Режиссердің батыл дауысы мен ерекше экранды хикаясының арқасында көрермендер көптеген экзистенциалды сұрақтарға Карлос Вермуттен жауап ала алады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер