È

Санжар Мәдиевпен бірге кинода

Санжар Мәдиевпен бірге кинода

Бұл байқауда кездесоқ сандар арқылы таңдау арқылы 10 адамның бағы жанды. Сонымен жақында жеңімпаздардың бірі «Замуж в 30» фильмінде басты рөлді орындаушыларының бірі Санжар Мәдиевпен бірге Bekmambetov cinema кинотеатрының VIP-залында комедияны тамашалады.

«Мен бұрыннан тұсаукесерге бара алмаған достарымды киноға шақырғым келіп жүрген. Сондықтан өз есебімнен байқау ұйымдастыруды ұйғардым. Фильмді көру қызықты болу үшін достарым мен байқау қатысушылардың басын қосқым келді. Мен осыған дайындала бастадым, сөйтіп VIP-зал билет сатып алғым келді. Бірақ Әсел Сәлуақасова Bekmambetov cinema кинотеатрының бұл идеяны жүзеге асыруға көмектесуі мүмкін екенін айтты. Нәтижесінде бізге 15 билет сыйлады. Осы билеттердің 10-ы жеңімпаздарға берілсе, қалған бесеуіне достарымды шақырдым», дейді Санжар Мәдиев.

Сондай-ақ актер Алматыға бірнеше күнге келген Досы Нұрлан Қоянбаевпен де киноға барып үлгерді.

Санжар Мадиев с победителями конкурса и с друзьями

«Ол үш күн бұрын келді. Біз бірнеше кинотеатрға кірдік, бірақ ешқайсысында билет болмады. Содан кейін біз киноға бармайтын болып шештік, енді міне, Нұрлан Алматыға тағы келіп, киноға баратын болдық. Бүгін де «Замуж в30» сеансына билет жоқ болып жатқанына қуаныштымын», деді актер.

Санжар Мәдиевпен бірге киноға келген достарының арасында актер-каскадерлар Мұрат Мұқашев, Ерден Телемісов, әнші әрі актер Алмас Бекболат, «Марко Поло» сериалының директоры Слава Козин де болды.

 

Фото Ормаш Арнай

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер