È

Сатыбалды Нарымбетов «Көзімнің қарасы» авторлық кітабын шығарды

Сатыбалды Нарымбетов  «Көзімнің қарасы» авторлық кітабын шығарды

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесердің ұйымдастырушылары академиясының аясындағы киноклуб және «Қазақфильм» киностудиясы.

Тұсаукесерге келесі өнер қайраткерлері қатысы: Дамир Манабай, Дәрежан Өмірбаев, Қалила Омаров және басқалар. Шараны жүргізген Смағұл Елубай - жазушы, кинодраматург және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

«Көзімнің қарасы» кітабы -автордың замандастары мен әріптестері туралы естеліктері мен автордың эсселері. Кітаптың мазмұны фильмдердің сценарийімен және киноромандармен бай.

Автордың айтуынша, шығарма ұзақ жылдар бойы баспанаханада жатыпты. Бірақ ҚР Мәдениет жіне спорт министрі Арыстанбекм Мұхамедиұлымен кездескеннен кейін кітапты 2000 данамен шығаруға шешім қабылданды. Жақында Сатыбалды Нарымбетовтың прозалық шығармасы да жарық көрмек.

Іс-шара соңында Сатыбалды Жәлелұлының шәкірттері оғн сыйлықтарын табыс етті, сыйлықтардың ішінде режиссердың портреті де бар.

Айта кету керек, «Көзімнің қарасы» режиссердің алғашқы кітабы емес. Бұған дейін «Тентек» және «Жанайғай» аңбектері, сондай-ақ «Ассалаумағалейкум, Атлантида!» повестер мен әңгімелер жинағы шыққан болатын.

 

Аруна Әлімтаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер