«Қара Ілбісін» сценаристі Джо Роберт Коул Netflix-те режиссерлік дебютіне дайындалуда
«Американдық қылмыс оқиғалары» хикаясы арқылы танымал «Қара Ілбісін» сценаристі Джо Роберт Коул Netflix стримингті қызметінде режиссерлік дебютіне дайындалып жатыр. Коулдың қылмыстық драмасының жұмыс атауы - «Күні бойы және түні бойы». Бұл - автордың Netflix компаниясымен екінші рет серіктестік орнатуы, компания биылғы жылдың сәуір айында оның дарынын байқап, Коулға Vault комикстер желісінің негізіндегі басты рөлді Майкл Б. Джордан сомдайтын «Үздіксіз» таспасының сценарийін және продюсерлеуді ұсынған болатын.
Коул «Күні бойы және түні бойы» картинасына арнап, сценарий жазды. Таспа қатар келетін үш хикаядан тұрады және жас қылмыскердің түрмеге келген сәтінен бастап баяндайды. Ол флэшбэктер жасайды және балалық шағында болған оқиғаларды, тұтқындалмай тұрған кездерді есіне алады. Жас тұтқын түрмеде өмір сүрудің құпиясын білуге тырысады және болашақтағы өмірі жайлы ойланады. Таспа продюсерлері Нина Джейкобсон және Брэд Симпсон болмақ. Олар Коулмен бірге «Американдық қылмыс оқиғалары» хикаясында бірге жұмыс істеген болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін