È

«Титан»: Netflix көрсетілімнің алдында ғылыми-фантастикалық атыс-шабыс фильміне арналған жаңа трейлерді ұсынды

«Титан»: Netflix көрсетілімнің алдында ғылыми-фантастикалық атыс-шабыс фильміне арналған жаңа трейлерді ұсынды

Netflix Сэм Уортингтонмен («Аватар», «Ар-ождан үшін») бірге «Титан» ғылыми-фантастикалық атыс-шабыс фильміне арналған жаңа трейлерді ұсынды. «Титанның» әлемдік көрсетілімі 2018 жылдың 30 наурызында өтеді. Фильм - Леннарт Раффтың режиссер ретіндегі дебюті. Сондай-ақ, рөлдерге Тейлор Шиллинг («Қызғылт-сары түс - маусым жаңалығы» хикаясы, «Арго» операциясы») және Том Уилкинсон («Фантастикалық махаббат және оны қайдан табуға болады?», «Бэтмен: Бастама») сияқты жұлдыздар түсті.

«Титандағы» оқиғада таяу болашақтағы Жер бетіндегі адамзатқа төнген қауіп жайлы баяндалады. Жер серігі үшін жаңа ғарыш үйі ретінде Сатурн планетасының спутнигі - Титан таңдалды. Сэм Уортингтон Титанның табиғи ортадағы қатал жағдайында аман қалуға қабілетті адамды жарату үшін әскери тәжірибеге таңдалған әуе ұшқышы Рик Янссеннің рөлін сомдайды.

Уортингтонның кейіпкері адам мүмкіндіктерін кеңейтіп, спутникте өмір сүруге дайындайтын «Титандар» әскери бағдарламасына қатысады. Тәжірибе сәтті аяқталып, Рик Янссен ғаламат күшке ие болды, бірақ оның Риктің өміріне ғана емес, әйелі мен отбасының өміріне, сондай-ақ, басқа да адамзаттың тағдырына қауіп төндіруі мүмкін жанама әсерлері бар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер