«Селфи»: Фильм және түсірілім жайлы. 4 Бөлім
Түсірілім жайлы
Картина кейіпкерінің алдында тұрған сұрақтар, атмосферасы, өмір сүру ортасы, барлығы «Духless» атмосферасына сәйкес келеді. Сондықтан, мұны көріністен және кейіпкерлерден байқауға болады, - дейді продюсер Дмитрий Рудовский. – Бұл заманауи жанр, заманауи кейіпкерлер, сәйкесінше түсірілім Мәскеуде және Мәскеу маңындағы елді-мекендерде өтті.
«Міндетіміз Мәскеудің алуан түрлілігін көрсету болды. Ерекше жерлерді, арнайы және жоғары деңгейлі орындарды суреттедік. Хикая түсіру барысында «алуан түрлілікті» қолымыздан келгенше кірістірдік», - дейді Николай Хомерики.

«Николай Хомерики мен Влад Опельянц – перфекционистер. Олардың өзара ерекше, абсолютті байланыстары болды. Екеуі Мәскеуді экранғашығарды ,- дейді Федор Бондарчук. - Біз кинолардан Мәскеуді көп көргенімізбен, олар бір-біріне ұқсас келеді. Бірақ Блад пен Коля басқа Мәскеуді түсірді. Мен мәскеулік болғаныммен, оны басқа жағынан көретінмін. Ал олар көптеген вертикальды сызықтар мен қозғалыссыз композицияларды түсірді. Маған өте ұнады».

Ең қиын түсірілім жындыхана, жұмыс істемейтін аурухана ғимараты және Богдановтың қызының семсерлесу жарыстары өтетін спортзалда өтті.
Жай ғана түсірілім орнының қиындықтары емес, одан бөлек аз уақыттың ішінде көптеген заттарды алып тастауға тура келді, - деп түсіндіреді Влад Опельянц. - Бұл жай ғана аспанға қарап, әдемі бұлттарды күтіп отыратын картина емес. Бұл - әр күнге нақты жоспар құрылған, оны түсіріп қана қоймай, көрермен үшін қызықты етуге талпынған продюсерлік жұмыс. Сондықтан картина ерекше жанрда түсірілді. Фильм барысында кабинеттік жұмыс болмады, көп идеялар түсірілім барысында туындап отырды».

Фильм жайлы
«Кітап та, фильм де психологиялық дағдарысқа ұшыраған адам жайлы баяндайды. Қаласаңыздар, оны «орта жас дағдарысы» деп атаңыздар, - дейді Сергей Минаев. - Бұл барлығының есебі бар дегенге саяды. Егер сен Құдайдың берген талантын жазушыға қажет емес, шоу-бизнес сияқты нәрселерге жұмсасаң, соңында өтеуі болады. Сондай-ақ, бұл адамның жалғыздығы туралы. Егер сіз қазір бір мейрамханаға кірсеңіз, ондағылардың тең жартысының телефонға үңіліп отырғанын көресіз. Бір-бірін көрмейді, байқамайды да».

«Мен үшін бұл фильм әр адамның өз таңдау бар екендігі туралы. Қандай шешім қабылдау керектігін ол өзі ғана шешеді. Біреудің айтқанымен жүре ме, немесе өз қалауы бойынша әрекет ете ме, жоқ па – өз тағдыры. Бастысы дұрыс таңдау жасауға тырысу»,-дейді Николай Хомерики.
«Менің ойымша, бұл фильм мағынасыз дүниеге талпыну, армандарынан адасу және әрбір адамда болатын сәтсіздіктерге тап болуы жайлы», - дейді Юлия Хлынина.

«Картинаны түсіру барысында, кей кездері фильм мен туралы сияқты болып көрінетін», - дейді Влад Опельянц. - Бірақ, бұл біздің әрқайсымыздың кейде ешкімге айтпай, жасырғымыз келетін қасиетіміз».
«Менің ойымша, бұл өз өмірін саралай отырып, өзгертуге талпыну, сол арқылы өзін құтқаруға ұмтылу хикаясы», - дейді Петр Ануров.
.jpg)
«Селфи» Қазақстандағы айналымға 1 ақпан күні шығады.
Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін