È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Әлемдік кино
  • «Селфи»: режиссер мен оператор түсірілім жайында. 2 бөлім

«Селфи»: режиссер мен оператор түсірілім жайында. 2 бөлім

  • 23 Января, 2018
  • Мадина
  • 1 139
  • 0
«Селфи»: режиссер мен оператор түсірілім жайында. 2 бөлім

«Селфи» режиссері Николай Хомерики 2016 жылы экранға «Мұзжарғыш» фильмі шыққан соң таныла бастады. Хомерикидің «977» және «Қараңғылық туралы ертегі» картиналары Канн кинофестивалінің арнайы байқау бағдарламасына қатысқан. Олар «Ерекше көзқарас» жүлдесіне үміткер болған.

«Петр Ануров маған «Селфи» фильмін түсіруге ұсыныс тастаған кезде, «Мұзжарғыш» картинасын аяқтап жатқан едім. Фильм ерекше сюжетті, қиын сценарийі бар, өзінше күрделі жоба, - деп еске алды Николай Хомерики. – Сонымен, өзімізде жиі түсіре бермейтін психологиялық триллер жанрында фильм түсіру идеясы қызықтыра кетті. Мен келістім. Содан кейін ғана кітапты оқыдым да, Сергей Минаевпен бірге әрбір бөлікті ақылдастық, сценарийде жасырынған басқатырғыштарды іздеуге тырыстық».

«Мұзжарғыш» картинасында жанрлы кино жасаған Николай Хомерики менің ойымша, көрермен үшін кино жасай алатынын дәлелдеді, - дейді «Селфи» продюсері Петр Ануров. – Оған оңай болмады, ол таңсық жанрды қолға алды. Дегенмен, оқиғаға кірісіп кеткені соншалық, кинематографиядағы бар тәжірибесін пайдаланып, триллер жанрындағы мықты киноны түсірді».

«Хомерики мен үшін камертон сияқты: оны түсірілім алаңында көріп, жігерлене түстім»,- дейді актриса Юлия Хлынина.

«Осыған дейін Николаймен бірге жұмыс істеп көрмептік. Бірақ, таныс едік, араласатынбыз, ол маған өте қызықты жан болып көрінді. Ол сондай салмақты, сабырлы. Онымен бірге жұмыс істеп көру қызықты болды, - дейді басты рөлдердің бірін сомдаушы Северия Янушаускайте. – Менің ойымша, ол өте мықты режиссер».

«Селфи» түсірілімінің камерасын «Кинотавр» кинофестивалінің жүлдегері және «Алтын қыран» иегері Влад Опельянц («12», «Күн сәулесі», «Тұтқындар») қолына алды. Ол триллер жанрында алғаш рет жұмыс істеп отыр.

«Мен өзімнің сүйікті жанрларымның бірімен баяғыда жұмыс істеп көргім келген. Оператор үшін бұл үлкен бояу: сен өзің қалаған дүниелерді ештеңеге мән бермей жасай аласың. Осылайша, өзіндік стиль қалыптасады, - дейді Влад Опельянц. – Менің алдыңғы жобаларымның «Оқушы» және «Тұтқындар» болғанын есепке алсақ, бұл жұмысым олардан айтарлықтай ерекшеленді. Оның үстіне, сценарийі маған қызықты болып көрінді. Николай Хомерики және Петр Ануровпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі туындады – мен шығармашылық адамдарымен жұмыс істегенді жақсы көремін. Фильмге Костя Хабенский мен Федор Бондарчуктың түсетінін білген соң, картинаның маңыздылығын түсіндім, ол кезде менде тағы да бір фильм қатар болған. Хабенски және Бондарчукпен бірге бұрын оператор ретінде жұмыс істегенмін. Мен оларды құрметтеймін!»

«Влад Опельянц – белгілі ресейлік оператор. Менің ойымша, бұл оның жасаған ең үздік картиналарының бірі: фантастикалық бейне, мінсіз стиль», – дейді Петр Ануров.

«Владтың түсірілім алаңында жасаған жұмысы өте керемет. Режиссер екеуі тамаша үйлесім тапқан», - деді Северия Янушаускайте.

«Влад Опельянц – қолындағы дүниені әдемілікке айналдыра білетін суретші, - дейді Юлия Хлынина. – Біз бұрын бірге жұмыс істеген жоқпыз. Ал мен актриса ретінде бірден операторға сене алмаймын. Бірақ, «Селфидегі» алғашқы көріністен-ақ плейбекке жақындаудың қажеті жоқтығын түсіндім, себебі онсыз да, айнаға қарағанда Опельянцтің камерасынан әдемі әрі «көркем» көрінетінімді сездім».

«Селфи» Қазақстандағы айналымға 1 ақпан күні шығады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы.

 

  • 23 Января, 2018
  • Мадина
  • 1 139
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама