È

«Жүректер мен сүйектер»: Хьюго Уивинг жасампаз драмада басты жұлдыз болмақ

«Жүректер мен сүйектер»: Хьюго Уивинг жасампаз драмада басты жұлдыз болмақ

Актер Хьюго Уивинг («Патрик Мелроуз» хикаясы, «Ар-ождан үшін») режиссер Бен Лоуренстің «Жүректер мен сүйектер» аустралиялық көркем фильмінде басты жұлдыз болмақ. Бұл таспаның сценарийін Лоуренс Беатрикс Кристианмен («Аспалы жартастағы сейіл», «Джиндабайн») бірге жазды. Жобаға Night Kitchen Prods студиясы үшін Мэтт Ридер («Жалғызбасты шабандоз», «Кішкентай өлім») продюсерлік етті.

«Жүректер мен сүйектер» жүрек жаралауға дайын әскери корреспондент пен судандық босқын арасындағы жасампаз достық хикаясын баяндайды. Олар әркімнің өмірін құртуға дайын суретпен байланысты. Лоуренс фильмі драма ретінде ұсынылады және жеке сәйкестік, отбасылық байланыс, достық, ер мінезділік пен әкелік мәселелерін зерттейді. Бұл топтама толықтай аустралиялық мегаполис Сиднейде, түрлі этникалық құрамы бар қалада таныстырылады, осының арқасында әр түрлі мәдениет кеңінен көрсетіледі.

Қазір жобаның түсірілімі Сиднейде өтіп жатыр, судандық босқын рөліне Эндрю Лури шақырылды. «Фильм сценарийімен жұмыс 2002 жылы басталған, бүкіл әлем 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған оқиғаның куәгері болды. Аустралия қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан Ауғанстандағы соғысты бастаған мемлекеттердің қатарында болды. босқындардың саны содан бері Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тіркелген санға дейін өсіп кетті. «Жүректер мен сүйектер» - бұл құбылмалы замандағы Аустралия жерін зерттеп және қалалық құпиялар жайлы баяндайтын таспа», - деді Бен Лоуренс мәлімдемесінде.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер