È

Сиви Махмуди «Соқыр махаббат» фильмінің өзімен тең құқылы продюсері Ренат Баситтің көлігін имек таяқшамен шағып тастады

Сиви Махмуди «Соқыр махаббат» фильмінің өзімен тең құқылы продюсері Ренат Баситтің көлігін имек таяқшамен шағып тастады

«Соқыр махаббат» атты су жаңа фильмінің актрисасы әрі продюсерінің бірі, отандық әнші Сиви Махмуди өзінің әріптесі әрі кинодағы серіктесі Ренат Баситке қатты ашуланды. Әртіс Алматы көшелерінің бірінде Ренаттың көлігінің терезесін имек таяқшамен шағып тастады. Нәтижесінде, «Мерседес» маркалы бағалы көлік оң жақтағы артқы және алдыңғы терезелері мен бүйір жақтағы айнасыз қалды.

Сиви Махмудидің бұл әрекеті халықтың назарына ілігіп, бейнекөрсетілімі бірнеше минут ішінде желіге тарап кетті. Танымал әншінің түсініксіз әрекетін көпшілігі сынға алды. Кейін белгілі болғандай, кинотаспаға актрисаның жалаңаштанған кадрларының қосылып кетуі себеп болған.

«Сиви мен Ренаттың арасындағы дау фильм үшін туындаған. Картинаға Сиви Махмуди мелодрама кинопрокатқа жіберілмей тұрып құптамаған көріністерді Ренат Басит қосып жіберген. Сиви соңғы нұсқасын көрмеген еді, алайда дәл қазір бірдеңені өзгерту тым кеш болып кетті»,- деп түсіндірді фильм директоры Ардақты Ертісбаева.

Естеріңізге сала кетсек, 6 сәуірде «Соқыр махаббат» мелодрамасы жарыққа шығады. Фильмнің продюсерлері әрі басты рөлді сомдаушылар Сиви Махмуди мен Ренат Басит.

Жанжалдың басты кейіпкерлері әлі ештеңе дей қоймады. Бұл фильмге халықтың қызығушылығын арттыру үшін әдейі ұйымдастырылған пиар-акция болуы да ғажап емес. Не десе де, бейнекөрсетілім халықтың назарынан тыс қалмады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер