È

Софи Манасян Nickelodeon телеарнасының шоуына тап болды

Софи Манасян Nickelodeon телеарнасының шоуына тап болды

10 жасар алматылық Софи Манасян Nickelodeon телеарнасындағы танымал шоудың бірінен көрінбек. Жобаның жай-жапсары әзірге белгісіз, алайда отандасымыздың қатысуындағы түсірілім бір аптаға созылып, Warner Brothers студиясында өтеді.

Софи Манасян әрбір қазақстандыққа жақсы таныс, әсіресе Инстаграмның белсенді қолданушылары жақсы біледі. Алматыда дүниеге келген қыз би билеп, фортепианода ойнап, көпшілікті ерекше дарынымен бірден баурап алған болатын. Жастығына қарамастан, Софи халықаралық байқауларға қатысып, жүлдегер атанып үлгерді.

«Софи барлығына өз елінің атауын жаттатып үлгерді, сонымен қатар қазақстандықтарды Софиден керемет тосын сый күтеді. Ол режиссёрлардан тв экраны арқылы отанына деген махаббатын білдіруге рұқсат алды, бірақ әзірге бар айтарым осы! Мына жақта, түсірілім кезінде Софиге әрлейтін жеке бөлме, жеке ассистент, тәттілер, тіскебасарлар берілді, тіпті балмұздақ үйшігі де бар. Сахна сырты да өте әдемі әрленген, әрбір түсірілім күні минутына дейін жазылған», - деп бөлісті қызықтарымен әртістің анасы Ольга Манасян.

Софи шоуға ұзақ кастингтен кейін тап болды. Басында кішкентай қыз өзі туралы баяндап, дарынын көрсететін бейнежазба түсіріп жібереді. Кейін скайп-сұхбат пен қоңыраулар келіп түседі. Софи ақыры өзін жобаға шақырған американдық продюсерлерді әртістігімен баурап алды.

Айта кету керек, Софи Манасян ата-анасымен бірге Лос-Анджелесте тұрып жатыр.

 

Превью: Софи Манасянның жеке Instagram парақшасынан

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер