«Жизнь Пи» мен «Горбатая гора» туындыларының авторы Энг Ли Тони Скоттың жобасын қолға алуды жоспарлап жүр
1997 жылдан бері экрандалуға тиісті «Близнец» триллері ақыры жарыққа шығатын болды. Оған «Жизнь Пи» мен «Горбатая гора» фильмдері арқылы танылған режиссер Энг Ли қызығушылық танытты.
«Близнец» триллерінің сценарийін «Шрэк навсегда», «Джек - покоритель великанов» және «Ужастики» фильмдері арқылы танымал болған Даррен Лемке жазды.
Сюжет қартайып бара жатқан қанішердің жаңа өмір бастағысы келетіні жайында. Барлығы жоспар бойынша болар еді, егер ол өзіне ұқсас бір адамды кезіктірмегенде. Оның үстіне, егізі одан 25 жылға жасырақ, әрі физикалық мүмкіндігі мықты еді.
20 жыл бұрын «Близнец» картинасын Ридли Скоттың ағасы Тони Скотт түсіргісі келген, бірақ ыңғайы келмеді. Сол кездегі технологиялар сюжетте 2 түрлі емес, тек бір ғана актерді пайдалана алатын еді. Бірақ, «Петля времени» фильмінде 2 актерді де түсірді, басты рөлге Брюс Уиллисті, ал оның жас кезіне Джозеф Гордон-Левитті алды. 20 жыл бойы сценарий бірнеше рет қайта жазылды. Оның бірі Дэвид Бениофф болған, оған осы жұмысы үшін 2 миллион доллар төленген деседі.
Бұл жобаны кезінде көптеген танымал адамдар алғысы келген, соның ішінде Кёртис Хэнсон мен Мэл Гибсон да бар.
Жобаны біраз уақыт ұмытып та жүрді, технологиялар дами түсті. Ал Дэвид Финчер табысты түрде Брэд Питті қартайтып, жасартып та үлгерді.
Белгілі болғандай, Энг Ли кинодағы технологиялық өзгерістерге қызығушылық танытады екен.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін