È

«Тақтардың ойыны» спин-оффінде қандай көріністердің болатыны анықталды

«Тақтардың ойыны» спин-оффінде қандай көріністердің болатыны анықталды. Әлемдік кино

Жаңалықтарды Джордж Р. Р. Мартиннің өзі хабарлады. Өткен жолдары, HBO-ның «Тақтардың ойыны» («Игры престолов») әлемінде 4 толық бөлімін дайындап жатқаны белгілі болған еді. Сюжеттер мен идеяны Джейн Голдман, Брайан Хелгеленд, Макс Боренштейн, Карли Рэй және Джордж Р. Р. Мартин толықтырып жатыр. Негізі 4 оқиға дайындалады, бірақ оның біреуі ғана, яғни үздігі түсірілетін болады.

Мартин өзінің жеке блогына 5 жоба жасалатынын және бұрын белгілі болмаған жаңа автордың қосылғанын жазған. Бес жобаның барлығы – «Тақтардың ойыны» картинасының приквелдері, ол жақта негізгі оқиғаның кейіпкерлері болмайды. Сондай-ақ, приквелдер тек Вестероста ғана өтпейді екен.

Джордж Р. Р. Мартин әр автормен өз үйінде жеке кездескен. Олар үйінде бірнеше күн болып, оқиғаларды талғылаған.

Еске сала кетсек, «Тақтардың ойыны» фильмінің көптен күткен жетінші маусымының тұсаукесері 16 шілдеде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер