È

«Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» сиквелінің түсірілімі басталды

«Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» сиквелінің түсірілімі басталды. Әлемдік кино

Жақында «Фантастикалық мақұлықтар және олардың мекендейтін жерлері» сиквелінің ресми түрде түсірілімі басталды. «Warner Bros.» жанкүйерлерімен фэнтези-фильмнің сюжетімен бөлісті.

Сюжеті 1927 жылы алғашқы таспа шыққаннан соң бірнеше айдан кейінгі хикаяны баяндайды. Геллерт Гриндевальд қамаудан қашып шығып, зұлым әрекетін іске асыру мақсатында сыбайластарын жинай бастайды. Яғни, ол дуагер еместерді төмендетіп, сиқыршыларды жоғарылатуды көздейді. Оны тек бұрынғы жақын досы, жас Альбус Дамблдор ғана тоқтата алады. Бірақ, Дамблдорға да бұрынғы шәкірті Ньют Саламандерден көмек сұрауына тура келеді.

Фильмді Дэвид Йейтс түсіріп жатыр. Картинаға сондай-ақ, Зои Кравиц, Эзра Миллер, Каллум Тернер және Клаудия Ким қатысуда.

Тұсаукесері келесі жылдың 15 қарашасында болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 шілде 2017, 13:09

Ждем его и тварей и Дамболдора. Может Гарри и увидим.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер