È

Джуд Лоуға жас Альбус Дамблдордың рөлін сомдау ұсынылды

Джуд Лоуға жас Альбус Дамблдордың рөлін сомдау ұсынылды

Жас Альбус Дамблдор жанкүйерлеріне жаңа сапада ұсынылатын болады. Оның образын танымал Джуд Лоу сомдамақ.

Альбус қартайған шағында ғана Хогвартстың билеушісі атанған, ал жас кезінде сиқыр мектебінде трансфигурация сабағын оқытқан. Алғаш рет ересек Дамблдорды Ричард Харрис ойнаған. 2002 жылы актер қайтыс болады, оның орнына Майкл Гэмбон шақырылған.

Жас Дамблдор рөліне үміткерлер арасында Кристиан Бэйл, Бенедикт Камбербэтч, Марк Стронг және Ричард Харристің ұлы Джаред Харрис болды. Бірақ, рөлге Джуд Лоу бекітілді.

Гарри Поттер әлеміндегі жаңа оқиғаның екінші бөлімінің сценарийін Джоан Роулингтің өзі жазды, ол бірінші картинасында да өзін сценарист ретінде алғаш танытқан.

Режиссері Дэвид Йейтс, ол да осы туындының бірінші фильмін түсірген.

Джуд Лоу соңғы уақыттарда Гай Ричидің «Меч короля Артура» фильмінде және «Молодой папа» хикаясында ойнаған.

«Фантастические твари и где они обитают» сиквелінің тұсаукесері 2018 жылдың 15 қарашасына жоспарланып отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Zhakok

13 апреля 2017, 13:25

Доктор Ватсон!!! Обожаю Англичан

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер