«Қараңғыда айтылатын қорқынышты хикаялар»: түсірілім асы аптада басталады

«Қараңғыда айтылатын қорқынышты хикаялар» атты жасөспірімдерге арналған триллердің түсірілімі осы аптада басталады. Бастапқыда бұл таспаны сценарий авторларының бірі болып келетін режиссер Гильермо дель Торо («Су қалыбы», «Қып-қызыл шың») түсіруді жоспарлаған. Актерлік құрамда жас актерлар Майкл Гарза («Қарағайлар» хикаясы), Остин Абрамс («Брэд беделі», «Лүпіл үшін өлтіру»), Гэбриел Раш («Одан да Солуға хабарласыңыздар» хикаясы), Остин Зажур («Ұстаздар шайқасы») және Натали Гэнзхорн болады.
Дель Торо Джей Майлз Дэйлмен бірге осы фильмнің продюсерінің бірі болып қалды, бұрын екеуі «Су қалыбымен» айналысқан болатын. Режиссерлік орынға ие болған Андре Овредал («Іштегі жын», «Троллдар аңшылары») Элвин Шварц бестселлеріне негізделген кішкентай қалашықтағы өлімді зерттейтін жасөспірімдер тобы жайлы баяндайтын сценарийді экрандайды.
Биылғы сәуірде «Су қалыбы» үшін «Оскар» иеленген соң бір айдан кейін Гильермо дель Торо «Қараңғыда айтылатын қорқынышты хикаяларға» білек сыбана кірісіп кетті. Басты рөлдерді сомдайтын жас бестік жайлы дүйсенбі күні белгілі болды. Олар Зои Маргарет Коллеттимен («Энни») бір топта болмақ. «Біз ұзақ айлар бойы тамаша жас актерлар тобын іздеп жүрдік. Олар біз ойластырған ең қорқынышты экранды бейімдеуді көрсетуге көмектеседі», - деді Андре Овредал.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін