Оскар 2018: Марапаттау рәсімінің қорытындысы
4 наурыз күні Лос-Анджелесте «Оскар» американдық киноакадемиясы жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімі өтті. Бұдан бұрын, аталмыш жүлдеге қатысты болжамдарды тұрақты түрде хабарлап отырған болатынбыз. Айрықша тосын сыйлар болмады, киноакадемиктердің көп бөлігі «Үздік фильм» аталымында өз дауыстарын Мартина МакДонаның «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильміне емес, Гильермо дель Торо мен оның «Су қалыбы» фильміне беріп, көзқарастарын білдірді. Қалған сарапшылардың бағалауы болжанғаннан көбірек болды.
Үздік фильм - «Су қалыбы»
Үздік режиссёр - Гильермо дель Торо «Су қалыбы»
Үздік актёр - Гэри Олдман («Күңгірт кезеңдер»)
Екінші қатардағы үздік ер адам рөлі - Сэм Рокуэлл («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)
Үздік актриса - Фрэнсис МакДорманд («Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»)
Екінші қатардағы үздік әйел рөлі - Эллисон Дженни («Тоня барлығына қарсы шығады»)
Үздік бастапқы сценарий - Джордан Пил («Аулақ»)
Үздік өңделген сценарий - Джеймс Айвори («Мені өз атыммен аташы»)
Үздік анимациялық фильм - «Коко құпиясы»
Үздік саундтрек - «Су қалыбы» (Александр Депла)
Үздік әуен - «Remember Me» («Коко құпиясы» мультфильмінен)
Үздік шет тіліндегі фильм - «Фантастикалық әйел» (Чили)
Үздік қоюшы-суретші жұмысы - «Су қалыбы»
Үздік операторлық жұмыс - Роджер Дикинс («Жүзбен жүгіруші 2049»)
Дыбыстарды үздік біріктіру - «Дюнкерк»
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - «Қымбатты баскетбол»
Үздік қысқаметражды көркем фильм - «Мылқау бала»
Үздік өңдеу - «Дюнкерк»
Үздік визуалды эффектілер - «Жүзбен жүгіруші 2049»
Үздік толықметражды деректі фильм - «Икар»
Үздік қысқаметражды деректі фильм - «Жұмақ - бұл 405-ші тас жолдың кептелісі»
Үздік киім дизайны - «Елесті жіп»
Үздік дыбыс - «Дюнкерк»
Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі - «Күңгірт кезеңдер»
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін