È

«Оскар 2018»: букмерлердің болжамына сәйкес «Су қалыбына» қойылған бәс жоғары

«Оскар 2018»: букмерлердің болжамына сәйкес «Су қалыбына» қойылған  бәс жоғары

«Су қалыбы» үшін он үш табысты сан болмақ. Гильермо дель Тороның фэнтези ретінде ұсынылған драмасы осы аптада Оскардың «Үздік фильмді» қосқанда 13 аталымын иеленді. Егер «Су қалыбы» басты аталымды иеленсе, онда бұл фильм соңғы 13 жылдағы желтоқсанда айналымға шыққан ең табысты фильм болмақ. Мұндай табысқа соңғы рет Клинт Иствудтың «Миллионға татитын балақай» фильмі қол жеткізген болатын.

Желтоқсан осыған дейін табыстарға толы ай болатын. «Оскар» студиясының бәсекелестерімен қоса басқа да рождество алдындағы раллидің қатысушылары үшін барынша қомақты табысқа ұмтылған тұста тиімді болды. Сондай-ақ, «Оскар» марапаттау рәсімі 2003-2004 жылдан бастап, наурыздан ақпан айына ауыстырылған күнтізбе марапаттар мен аталымдар үшін әсіресе, желтоқсанда айналымға шыққан фильмдер үшін қозғаушы күшке айналды.

«Миллионға татитын балақай» спорттық драмасы АҚШ-та 2004 жылы 15 желтоқсанда айналымға шықты, қысқартылған күнтізбенің екінші жылында үш «Оскарды» жеңіп алды. Содан бері қазан, қараша айлары «Үздік фильм» үміткерлері үшін негізгі айлар болып келеді. Венециядағы және Торонтодағы фестивальдерде ұсынылған «Су қалыбы» өткен жылдың 1 желтоқсанында АҚШ-та шығарылды. Дель Тороның фильмімен бәсекеге түсетін Стивен Стилбергтің «Құпия құжаттама» және Пол Томас Андерсонның «Елесті жіп» фильмі өткен жылы айналымға кештеу шықты. «Құпия құжаттама» - 22 желтоқсанда, ал «Елесті жіп» 25 желтоқсанда шықты.

«Оскар» сыйлығының «Үздік фильм» аталымы бойынша букмекерлер «Құпия құжаттаманың» мүмкіндігі 14-ден 1, ал «Елесті жіпті» 12-ден 1 деп бағалауда. Сондықтан, аталымдардың жалпы саны мен басты жүлденің мүмкіндіктері арасындағы байланыс та қосымша бақыланады. «Құпия құжаттамада» бар жоғы екі аталым болса, «Елесті жіп» бірден алты мүсіншеге үміткер. «Су қалыбы» фильмінің аталым мүмкіндігі жоғары (9-дан 2), «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» (11-ден 2), «Құс ханым» (15-ден 2) және «Аулақ» (8-ден 1) жарыстың жоғары қарқынын ұстап тұр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Тимур Жақсылықов

Сценарист