È

АҚШ киносыншыларының Ұлттық қауымдастығы 2017 жылды қорытындылады

АҚШ киносыншыларының Ұлттық қауымдастығы 2017 жылды қорытындылады

«Алтын Глобус» сыйлығы табысталғанан кейін, 8 қаңтарда АҚШ киносыншыларының Ұлттық қауымдастығы жыл қорытындысын шығарды, олардың жүлделері ең беделді сыйлық болып табылады. Бір күн бұрын «Құс ханым» фильмі «Ең үздік комедия және мюзикл», «Комедиядағы немесе мюзиклдегі үздік актриса» атты екі бірдей номинацияны иеленді. Енді А24 студиясы мен Грета Гервиг АҚШ киносыншылары қауымдастығының арқасында кезекті құрмет тақтасын жасауы мүмкін.

Бұл ұйым үздіктер тізімін жариялады. «Құс ханым» төрт бірдей сыйлыққа ие болды: үздік фильм, үздік режиссер, үздік сценарий және үздік актриса. Бұл марапаттаулардың «Оскар» сыйлығын талдау рәсіміне өз әсерін тигізетінін айта кету керек. Аталмыш фильм ешқандай жүлде алмаса да, тәуелсіз киноның үлкен экранға шығуы әбден мүмкін. Бұл фильмнің өзіне көрерменді тарта алғанының өзі үлкен жеңіс. Осындай жүлделердің табысталуы 2017 жылғы қалыптасқан үрдістерді растау болып табылады.

АҚШ киносыншылары қауымдастығының нұсқасы бойынша 2018 жылғы жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

  • Үздік фильм – ҚҰС ХАНЫМ
  • Үздік режиссер - Грета Гервиг, ҚҰС ХАНЫМ
  • Үздік сценарий - Грета Гервиг, ҚҰС ХАНЫМ
  • Үздік оператор - Роджер Дикинс, ЖҮЗБЕН ЖҮГІРУШІ 2049
  • Үздік актриса - Салли Хокинс, СУ МЕН СӘН ҮЛГІСІ
  • Үздік актер - Дэниэл Калуя, АУЛАҚ
  • Екінші қатардағы үздік актриса - Лори Меткаф, ҚҰС ХАНЫМ
  • Екінші қатардағы үздік актер - Уиллем Дефо, «ФЛОРИДА» ЖОБАСЫ
  • Шет тіліндегі үздік фильм - БІТІРУ КЕШІ
  • Үздік Non-Fiction фильм - БЕЙНЕ, АУЫЛДАР
  • Америка айналымына шығатын фильмді арнайы еске салу - Агнешка Холланд, ЖЫРТҚЫШ ІЗІ
  • Үздік тәжірибелік фильм – СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН, режиссер Бен Расселл

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер