È

«Елесті жіп»: Шебер және ханша

«Елесті жіп» фильмі туралы пікір

«Ханша» анықтамасы дұрыс қойылмаған және американдық танымал режиссер Пол Томас Андерсонның жаңа «Елесті жіп» фильмінің тақырыбы Булгаковтың романының ізін жалғағандықтан ғана айтылған. Бұл жерге «ханым» (қазіргі уақытта) ағылшын терминологиясы көбірек сәйкес келеді, себебі кинематографиялық туынды өз бастауын Ұлыбританиядан алады. Басты рөлді сомдаушылар Дэниэл Дэй-Льюис (Рейнольдс Вудкокты сомдайды) және Вики Крипс (Альма) - актерлік шеберлік британ мектебінің өкілдері. Фильмдегі оқиға Лондондағы 1950 жылдардағы соғыстан кейін орын алады. Вудкок – танымал сәнгер, одан танымал тұлғалардан бастап, патшаға дейінгі бүкіл атақты адамдар киінетін. Фильмдегі негізгі мәселе - Вудкоктың Альмаға ғашық болып, өзінің шеберлігі мен жинақылығынан айырылуы. Шиеленіс бар, бірақ ол драматургиядан гөрі романға жақынырақ. Біз «Елесті жіпті» көріп отырып, әпкелі-сіңілі Бронтелердің немесе ағылшын жазушыларының махаббат жайлы әдеби үлгілерін оқып отырғандай күй кешеміз.

Шебер мен шәкірттер, қолөнершілер мен үйренушілер тақырыбы Павел Томас Андерсонның шығармашылығы арқылы жүзеге асады. Бұл Том Круздың кейіпкері және оның «Магнолиядағы» әкесімен қарым-қатынасы, «Мұнайдағы» Дэниел Плэйнвью мен Пол Сандей, «Шебердегі» Фредди Куэлл және Ланкастер Додд. «Елесті жіпте» де бұл басты қозғаушы күш. Вудкок бай, танымал әрі ықпалды, ал Альма ауылдан келген қарапайым даяшы. Шебер оны бағындырып, өзінің кезекті туындысы ретінде қарайды. Әрине, бұл жерде, жекелей алғанда, сілтемелер Бернард Шоудың «Пигмалион» пьессасына және жалпылама тұрғыда, осыған ұқсас басқа да туындыларға негізделген. Айтпақшы, бұл да фильмдегі британдық түбірлердің бірі. Американдықтардың мәдени интеграциясының тарихы британ топырағына кеңінен жайылған. София Коппол, Джармуш және Андерсонның көптеген аттастары байқап көрді. Бірақ, көпшілігінің қолынан келмеді, себебі тепе-теңдікті сақтау қиын еді. Дегенмен, Кубрик жасай алды және Андерсон «Елесті жіпте» онымен пікір таластырады. Сюжеттегі бас кейіпкердің мазасыздығы «Көзді жұмып қарау» картинасының фабуласымен сәйкес келеді. Фильмде мазасыздық пен түсінбеушіліктің арасындағы нәзік байланыс бар. Соңғысынан режиссер бізді фортепианоның үнімен (Андерсонның музыкаға деген сүйіспеншілігі кейде шамадан тыс), нәзік декорациялармен (кез-келген тарихи Ұлыбритания әрқашан BBC арнасын кірістіреді) құтқарады.

Дэниэл Дэй-Льюис өмірде де шебер. Оның актерлік әлемдегі қазіргі алатын орны, менің ойымша, шамадан тыс әсіреленген және оның «Оскарлары» сәйкестік қана секілді. Бірақ, ол өзінің актерлік шеберлігін дұрыс пайдалана білетін кәсіби маман. Дегенмен, Андерсонның сегізінші фильмінде ол өзінің актерлік шеберлігін дұрыс көрсете алмады (Вики Крипсті айтпағанда) керісінше, өзі айтқандай, қоштасады, көп күш салмай, жеңіл күрсіністі, жұмсақ ашу мен кішігірім бақытты бейнелейді. Жалпы, Дэй-Льюис әрбір фильмінен кейін кинематографтан қол үзіп бара жатқандай...

«Елес» сөзі және оның сөйлемдегі барлық түрлері кинодағы қауіпті үрдіс (мысалы, «Елесті сұлулық»). Мұндай материялар нәзік және әдемі көрінеді, бірақ елесті жіп және басқа елес заттары кейде көрінбеуі де мүмкін.

 

«Елесті жіп» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

 

Киноға барған Бағлан Құдайберлиев

«Бродвей» редакциясы «Елесті жіп» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema компаниясына және Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер