È

«Оскар 2018»: «Үздік фильм» аталымының тоғыз үміткерінің кем дегенде жетеуі бір жүлдені иеленеді

«Оскар 2018»: «Үздік фильм» аталымының тоғыз үміткерінің кем дегенде жетеуі бір жүлдені иеленеді

Жыл бойы кино жайлы өз пікірлерін білдіріп келген отыз американдық киносыншы 90-шы «Оскар» жүлдесін табыстау рәсіміне қатысты өз болжамдарын жасады. Біріккен ортақ статистикаға сәйкес, «Үздік Фильм» аталымы бойынша тоғыз үміткердің жетеуі кем дегенде бір «Оскар» жүлдесін иеленеді. Әртүрлі үш аталымға ұсынылған үміткерлердің үшеуі кем дегенде екі жүлдені иеленеді деп күтілуде. «Үздік фильм» аталымының үш үміткері тек бір мүсіншеден ғана иеленеді. Бес аталымға ұсынылған «Құс ханым» және «Құпия құжаттама» (екі аталым) бұл болжамға сәйкес ешқандай жүлде иеленбейді.

Жеті айналым бойынша үміткер «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» үш жүлдені иеленеді: «Үздік фильм», «Үздік әйел рөлі» (Фрэнсис МакДорманд) және «Екінші қатардағы үздік ер адам рөлі» (Сэм Рокуэлл). Бұл фильм соңғы 15 жыл ішінде «Үздік фильм» аталымын иеленіп, бірақ сценарий мен режиссура бойынша жүлде алмаған алғашқы фильм болуы мүмкін. Соңғы рет мұндай қадам 2003 жылы «Чикаго» мюзиклімен жасалды. «Су қалыбы» он үш аталымның бар жоғы үшеуін иеленеді деп күтілуде: «Үздік режиссер» (Гильермо дель Торо), «Үздік қоюшы-суретші жұмысы» және «Үздік ерекше әуен».

«Дюнкерк» бұл болжам бойынша техникалық аталымдарды иеленеді: «Үздік монтаж», «Дыбыстарды үздік біріктіру» және «Дыбыс режиссерінің үздік жұмысы». Болжам бойынша, «Күңгірт кезеңдер» Гари Олдменге «Үздік актер» аталымын әкеледі және оны Уинстон Черчилльге айналдырған шаштараздар мен стилистерлер тобы «Үздік макияж және шаштараз» үшін жүлде алады деп күтілуде. 50-ші жылдардағы сәнгер жайлы әңгімелейтін «Елесті жіп» фильмі үздік костюмдер аталымымен марапатталуы мүмкін. «Аулақ» фильмі, болжам бойынша, «Оскар» жүлдесінің «Үздік ерекше сценарий» аталымын иеленеді деп күтілуде.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер