«Аулақ» және «Мені өз атыммен аташы» АҚШ сценаристері Гильдиясының жүлдесіне ие болды
Джордан Пилдың «Аулақ» фильміне арнап жазған сценирийі үздік ерекше сценарий үшін АҚШ сценаристері Гильдиясының (Writers Guild of America, WGA) жүлдесін иеленді. Джеймс Айвори де «Мені өз атыммен аташы» таспасының үздік бейімделген сценарийі үшін аталмыш жүлдегенің иегері атанды. Екі фильм де биылғы жылы «Үздік фильм» ретінде және сценарийлік номинацияда «Оскардан» үмітті болып отыр.
2000 жылдан бастап ерекше сценарий үшін WGA жүлдесін иеленген 18 иегердің 13-і сол санат бойынша «Оскарды» алған болатын, мұндай тенденция (18-дің 12-сі) үздік бейімделген сценарий үшін де марапатталғандар арасында бар. «Мені өз атыммен аташы» өз категориясының үздігі болды, сонымен қатар «Оскарға» қарай сенімді түрде қадам басып келеді. Ерекше сценарийлер номинациясының арасында қызу тартыс жүруде, себебі «Аулақ», «Құс ханым» және «Су қалыбы» фильмдері бірдей мүмкіндікке ие болып отыр.
«Вице-президент» комедиялық хикая үшін жүлде иеленді, сол кезде «Қызметшінің әңгімесі» де үздік драмалық хикая атанып, үздік жаңа хикая ретінде жүлдеге ие болды. «Үлкенді-кішілі өтірік» телевидениеге арналған көпсериялы үздік бейімдеу жүлдесінің иегері атанды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін