Өмірдің мәніне ұмтылу
Джеффри Раш «Пираты Карибского моря», «Король говорит!», «Лучшее предложение» фильмдері арқылы белгілі. Ол Австралияның тумасы, «Оскар» жүлдесінің, екі мәрте «Золотой глобус» жүлдесінің иегері. Енді оған өткен ғасырдың атақты ғалымы, физика саласы бойынша 1921 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған Альберт Эйнштейннің рөлі ұсынылып отыр. Ғалымның рөлін Раш «Гений» сериалында ойнайды, сериал National Geographic арнасында көрсетіледі. Сценарий Уолтер Айзексонның «Эйнштейн. Его жизнь и его вселенная» атты биаграфиялық фильміне негізделген. Қойылымымен Рон Говард айналысады, ол да екі мәрте «Оскар» иегері. Говард атақты математик, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш туралы фильм түсірген болатын. Фильм «Игры разума» деген атаумен белгілі.
іздел






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін