È

Lionsgate «Жол соңы» фильмінің алғашқы трейлерін ұсынды

Сол Диббтың «Жол соңы» фильмінің алғашқы трейлері

«Егер немістер бізге қарай шабуылдаса, бес минут та тұра алмаймыз». Бұл «Жол соңы» фильмінің алғашқы трейлеріндегі сөздер. Таспаның қыркүйек айының басында Торонто фестивалінде болған тұсаукесері сәтті өтті. «Жол соңы» әскери драмасы халықаралық айналымға келесі жылдың басында шығады.

1918 жылдың наурыз айы. Францияның солтүстігіндегі фронтты траншеяда соғыстан шаршаған капитан Стэнхоупке (Сэм Клафлин, «Махаббатпен, Рози», «Сенімен кездескенге дейін») жас офицерлер тобы қосылады. Немістердің шабуылынан құтылу мүмкін емес, сондықтан офицерлер Осборн (Пол Беттани), Троттер (Стивен Грэм) және Гибберт (Том Стёрридж), сондай-ақ аспазшылары Мэйсон (Тоби Джонс) бұрынғы бейбіт өмірлерін еске алып, қорқынышты ойлардан құтылуға тырысады. Стэнхоуп алдағы болатын жағдайларға қатты алаңдайды. Оның жанына жаңа жас офицер Рэли (Эйса Баттерфилд) келеді, ол әпкесіне ғашық болған бұрынғы мектеп тәрбиешісіне қызмет ететінінен аздап қысылады. Әрқайсысы тұзаққа түскен, сағат тілі тоқтамай зулайды, уақыт өтіп жатыр, алаңдаушылық одан сайын үдеп барады, ал немістер тым жақындап келеді...

«Жол соңын» ағылшын режиссері Сол Дибб («Герцогиня», «Француздық сюита») Саймон Ридтың («Қатардағы Писфул») сценарийі бойынша түсірген.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер