«Суперполицейлер 2»: жаңа трейлерде патруль барлық шекараны басып өтеді
17 (!) жылдан соң «Суперполицейлердің» сәтті тұсаукесерінен кейін фильмінің жалғасы жарыққа шықты. Broken Lizard комедиялық тобы «Суперполицейлер 2» атты Вермонттық коптар туралы кезекті таспаның трейлерін ұсынды. Бұрынғы бестік сол құраммен қайта оралады – ардагер Торни (Джей Чандрашекхар), енжар Фостер (Пол Сотер), ұтыс ойындарын жақсы көретін Мак (Стив Лемми), бұрынғы кезде жаңа келген Қоян (Эрик Столханске) және беймаза Фарва (Кевин Хеффернан).
Трейлердің өзі сюжетті біршама сипаттайды. АҚШ пен Канада шекарасындағы, яғни Америка аймағындағы қаладағы Вермонт патрульдарына бір полицей бөлімін қосып алуды тапсырады. Себебі, атты полиция қысқартылуға жақын.
Жалғасы түпнұсқаның жеңілдігі мен жылы көңіл-күйді сыйламақ, кейіпкерлердің мінездері мен әзілдері сюжет назарынан тыс қалмады. «Мияулайтын кез келді» атты ұраны бар фильмнен ағылшын әзілін күтпеуге де болатын сияқты.
«Суперполицейлер 2» тұсаукесері 20 сәуірге жоспарланып отыр.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
22 января 2018, 00:58Уау! Клевый фильм! Жду!