È

«Айдаһар мөрі құпиясы: Қытайға саяхат»: ең қымбат ресейлік фильмнің алғашқы трейлері

«Айдаһар мөрі құпиясы: Қытайға саяхат»: ең қымбат ресейлік фильмнің алғашқы трейлері

Арнольд Шварценеггер, Джеки Чан және Рутгер Хауэрдің қатысуындағы ең қымбат ресейлік фильмнің трейлері жарық көрді.

Режиссер Олег Степченконың «Айдаһар мөрі құпиясы: Қытайха саяхат» картинасы 2014 жылы экранға шыққан картограф Джонатан Гриннің «Вий» атты хикаясының жалғасы болмақ.

Фильм бюджеті ресейлік кинематограф тарихында рекорд жасайтын болады. Өндіріске шамамен 3 млрд. рубль, яғни 50 млн. долларға жуық қаржы жинаған. Фильм сюжеті бойынша Бірінші Петр саяхатшы Джонатан Гринге ресейлік Шалғай Шығыс картасын дайындауды тапсырады, кейін картограф Қытайға барып, ерекше бір жағдайларға тап болады.

Джеки Чан жауынгерлік өнердің қарт шеберін сомдайды, ол Тауэр атты зынданнан қашып кетеді. Арнольд Шварцнеггер көріністердің бірінде британ жауынгерінің киімімен пайда болып, Джеки Чанмен күреседі. Кімнің жеңетіні белгісіз. Рутгер Хауэр Қытайдағы британдық елшіні ойнайды. Ресейліктердің арасынан экранға Павел Воля, Анна Чурина, Юрий Колокольников және т.б. шығады.

«Айдаһар мөрі құпиясы: Қытайха саяхат» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылы 16 тамызда болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер