Желіде Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қалалары» фильмінің соңғы трейлері пайда болды
Фильмнің прототипі 2700 жылы арнайы агенттердің түрлі ғаламшардағы оқиғаларын баяндайтын «Валериан мен Лорелин» француз комиксі болды. Люк Бессон фильміндегі басты рөлдерде: Дейн ДеХаан мен Кара Делевинь.
«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қалалары» фантастикалық картинасының бюджеті – 180 млн. доллар. Осылайша, жоба кинематограф тарихындағы ең қымбат Еуропалық фильмге айналды.
Фильм Қазақстанда әлемдік тұсаукесерден кейін үш аптадан соң 10-тамызда көрсетіледі.
Киноға Клайв Оуэн, Итан Хоук, Рутгер Хауэр, Рианна түсті.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін