È

Ticketon Live & Brod.kz: Шығарылым №11

Ticketon Live & Brod.kz: Шығарылым  №11  Әйелдер туралы фильмдер

Прокаттық демалыста көктемің мерекелік лебі сезіледі. Көрермендер назарына нәзікжандылардың көңілінен шығатын екі картина ұсынылады. «Бродвей» кинопорталы мен «Тикетон» компаниясы түсаукесерлер мен кассалық табыстар жайлы 11 шағарылымын ұсынады.

«Красавицы и чудовища» сюжеті баршаға бала кезінен таныс. Батыл әрі ержүрек қыз әкесін құтқару үшін құбыжықтың қамалына аттанады. Алайда ол құбыжықтың өзін өлімнен құтқарады және оған ессіз ғашық болады. Уолт Дисней ертегісінің экранизациясы баршаның көңілінен шыға қойған жоқ. Бұған себеп картинада ориентациясы бөлек кейіпкердің пайда болуы. Дегенмен фильмнің өзі сиқырлы екені – факт.

Келесі картина «Скрытые фигуры» ертегі емес, бірақ жарты ғасыр бұрынғы оқиға. Болған оқиға желісімен түсірілген, Марго Ли Шеттерлидің деректі романына сүйеніп жазылған оқиға бір мезетте дарынды математика және афроамерикалық әйел болудың қиындығы жайлы. Дискриминация, толған кедергілер. 60-жылдардағы америкалық қоғам қара нәсілділерге қазіргідей толерантты болған жоқ. Дегенмен үш батыл әйел АҚШ-тағы ең маңызды шараға қатысқан еді. Бұл астронавт Джон Гленнің орбитаға барып, аман-есен оралуы.

Өткен аптадағы кассалық табыс Marvel табынушыларының «Логан» фильмін асыға күткенін көрсетеді. Картина прокатта 303 976 450 теңге жинады. Екінші орында «Зверопой» мультфильмі, үшінші болып қырғыз лентасы «В поисках мамы» тұр.

Айта кетейік, «Бродвей» оқырмандары мен «Тикетон» қолданушылары киноға екі билет ұтып ала алады. Байқауға қатысу үшін тек қана екі әрекет жасау жеткілікті: біріншісі «Тикетон» компаниясының әлеуметтік желілеріне жазылу (@ticketonkz), екіншісі, осы видеоны #ТикетонLive48 хэштегімен өз парақшаңа бөлісу.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер