Ticketon Live & Brod.kz: №13 шығарылым
Ағайынды Райттардың алғашқы ұшақпен көкке самғағаны мен адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары аралығында 61 жыл өтіпті. Сонымен қатар, адамның тұңғыш рет ғарышқа ұшуы мен біздің арамызды бар-жоғы 52 жыл ғана бөліп тұр. Дәл осы аспан кеңістігі алдағы уақытта жарыққа шығатын жаңа фильмдерді байланыстырған.
1965 жылдың 18 наурызында, американдықтарға дейінгі 77 жыл бұрын, КСРО тағы да технологиялық жарыста жеңіске жеткен еді. Кеңестік ғарышкер Алексей Леонов жерлестеріне алғашқы болып ашық ғарыш кеңістігінен сәлем жолдаған. Және ресми деректерге сенсек, кемеге аман-есен оралған. Дегенмен, шлюзге дейінгі осы 5 метр қашықтық ол үшін өміріндегі ең қиын сапар болды. Ал Жер бетіне жедел түрде қонуы Леонов пен серіктесі Павел Беляевтің өмірге деген ерекше құлшынысын байқатты. Бұл сапарда бәрі ойлағаннан да басқаша болды, бірақ екеуі тірі қалып, алғашқы ғарышкерлердің бірі атанды. «Время первых» («Алғашқылардың уақыты») – Тимур Бекмамбетовтың фильмі дәл осылай аталады. Басты рөлдерді Евгений Миронов пен Константин Хабенский сомдап шықты. Ал ғарышкер Леонов кеңесші болды.
«Время первых» фильмінен көрініс
Ашық аспан, айналаңда он мыңдаған километрге жуық кеңістік, алайда адамзат бір ғана қателік жасайтын болса, мұндай шексіз кеңістікте екі ұшақ та бір-бірімен соқтығысып қалуы мүмкін. Әйгілі Арнольд Шварценеггердің басты рөлді сомдауымен «Последствия» деп аталатын фильм шынайы өмірдегі оқиға желісі бойынша түсірілген. Картинада Боден көлінде болған екі ұшақтың соқтығысуы және Ресей азаматы, архитектор Виталий Калоевтың швейцарлық әуе диспетчерін өлтіргені баяндалады.
Өткен демалыстардың қорытындысы бойынша кішкентай бастық туралы «Босс-молокосос» мультфильмі алдыңғы қатарға, екінші орынға «Красавица и чудовище» экрандалған ертегісі және үшінші орынға «Живое» ғарыштық триллері шықты.
Естеріңізге саламыз, «Бродвей» оқырмандары екі қарапайым тәсілді орындап, кез-келген киносеансқа екі билет ұтып ала алады. Біріншісі, әлеуметтік желілер арқылы «Тикетонға» жазылу керек (@ticketonkz). Екіншіден, төмендегі бейнебаянды бөлісу арқылы өз парақшаңызға салып, #ТикетонLive50 хэштегін көрсетесіз.
Осы аптадағы тұсаукесерлерді кинотеатрлардың афишасынан біле аласыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін